2017 жылдың 18 қаңтарында А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің базасында қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.
18-01-2017 06:07

      Отырыс барысында әдебиеттік оқу пәні бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушысы Күленбаева Айбарша Исатаевна және ЖББ №4 мектептің  бастауыш сынып мұғалімі Насенова Толқын Кайрулиевнаның жетекшілігімен «Көксерек» тақырыбында ашық сабақ жүргізілді.

       Сонымен қатар Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің оқытушылары маңызды тақырыптарда әдістемелік баяндамалар ұсынды:

      1) «Абай шығармаларында кездесетін сын тұрғысынан ойлау мәселесі»- Игманов Қайрат Мақатұлы.

     2) «Мұхтар Әуезов шығармаларын оқытудың ерекшеліктері» - Күленбаева Айбарша Исатаевна.

     ОӘБ жетекшісі Баймолдина  Анар Сабыровна отырыс қатысушыларымен аталған бағыттың маңызды мәселелерін талқылады.

       Отырысқа Қарағанды облысы колледждерінен 37  оқытушы қатысты.