2017 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «ТжКБ ұйымдарының «Жоғарғы колледж» дәрежесіне көшу кезеңі» тақырыбында семинар- жиналыс өтті.
Семинар-жиналысты алғысөзбен ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты.
ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері Нартова Татьяна Георгиевна «Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын жүзеге асырудағы нормативті-құқықтық негіздер» тақырыбында баяндама жасады.
«Кәсіпқор Холдингінің»» сарапшы орындаушылары Попова Н.В. және Шебалин А. қатысушылар назарына 1504000 «Фермер шаруашылығы» және 1201000 «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспары мен бағдарламаларының жобаларын ұсынды.
Семинар - жиналысқа қолданбалы бакалавриат бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын колледж басшылары мен орынбасарлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 20.