Оған Қарағанды қаласының мектептерінің сонымен қатар Шахтинск, қаласының және де Шет, Бұхар-жырау аудандарының мектептерінен 27 мұғалім қатысты. Шебер-сыныпты аталған мектептің информатика және робототехника мұғалімі Муслим Ертуган Махамбетұлы интербелсенді тақтаны қолдана отырып квадрокоптердің мүмкіншілігін видео арқылы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлік өте алмайтын жерлерде кішкентай жүкті тасу мүмкіндігін өте тартымды да түсінікті етіп айтып өтті.
Соңында спортзалда Дронды ұялы телефон арқылы басқарып, ұшырып көрсетті. Қатысушылар Ертуган Махамбетұлына өте көп сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Осы мектептің мұғалімі Ертуган Махамбетұлына алғыстарын айтып, келешекте бұдан да үлкен табыстарға жете берулеріне тілектерін білдіріп, осындай шебер-сыныптар жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, робототехника туралы қызығушылықтарын одан әрі арттырып, білім қорларын байытып қайтты.