2017 жылдың 25 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мамандандырылған мектеп-интернаттары география пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестіктерінің отырысын өткізді.
Отырыс аясында келесі мәселелер қаралды:
- мамандандырылған мектеп-интернаттардың география пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы туралы;
- география пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестіктерінің 2016-2017 оқу жылының екінші жартыжылдығына арналған жұмысын жоспарлау;
- ШЖМ жұмыс жасау және қашықтықтан оқыту бағдарламаларын дамыту туралы;
- оқу бағдарламалары мен вариативті курстардың бағдарламалары туралы;
- география бойынша «Таным» зерттеуінің нәтижелері туралы.
Отырысқа мамандандырылған мектеп-интернаттардан барлығы 18 география пәні мұғалімі қатысты.
Отырыс соңында әдістемелік бірлестік отырысының қорытындысы шығарылды және ұсыныстар айтылды.