2014-жылдың 3-4 желтоқсан күндері ҚББжҰТИҚ бөлімінің әдіскерлері С.М. Елешева, А.С. Адыханова, Ж.Д. Нұржан «Білім беру жүйесіне оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды енгізу. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәлімгер, сынып жетекшілерінің МӘБ жетекшісі, педагог-психолог және әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыруға қажетті құжаттар мен материалдардың үлгілік тізбесі. Әлеуметтік-педагогикалық жобалау негіздері» тақырыбындағы бұл семинарда барлығы 89 адам жұмыс жасады.
Семинарда қарастырылған мәселелер:
1) Педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде адамды назарда ұстауды тәрбиелеу моделімен таныстыру.
2) Қарағанды облысының ББҰ тәрбие жұмысын жүзеге асыруды реттеуші нормативтік-құқықтық құжаттар.
3) Тәлімгердің перспективті жұмыс жоспарының үлгілік құрылымы.
4) Жобалау іс-әрекеті.
5) Шыдамдылықты тәрбиелеудің әдістері мен технологиялары.
6) Оқушылардың әлеуметтік қалыптасуын қолдау технологияларымен таныстыру.
Сонымен қатар, келесі сұрақтар мемлекеттік тілде қарастырылды (әдіскер Ж.Д.Нұржан):
1) Оқу-тәрбие процесін әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу моделі.
2) Қарағанды облысының ББҰ педагог-психологтың қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық құжаттары.
3) ББҰ педагог-психолог және әлеуметтік педагогтың іс-қағаздарын жүргізу: ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттардың түрлері, құрылымы. Жаңа бағыттар.
4) Әлеуметтену мониторингі және аутодеструктивті жүріс-тұрыстың алдын алу.
5) Ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін оқушылар категориясы. Критерийлер, іс-шаралар.
Бүгінгі таңда оқыту үрдісі жаңа әдістерді, жаңашыл идеяларды талап етеді. Әрбір оқытушы өз тәжірибесінде көптеген қиындықтар мен бөгеттерге кездеседі. Өз білімін үнемі жетілдіру – уақыт талабына жауап беру үшін қажет.