2014 жылдың 10 желтоқсанында ҚО ББКММ «Облыстық арнаулы ДМШ балаларға арналған №3 мектеп –интернат» негізінде «Оқушылардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыруға бағытталған жеке тұлғаның өзара әрекеттестігіне бағдарланған үрдісінде коррекциялық – дамытушы ортаны ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты:ақыл есі кем балалардың білім алу мүмкіндігін жүзеге асыруға бағытталған жеке тұлғаның өзара әрекеттестігіне бағдарланған үрдісіне коррекциялық – дамытушы ортаны ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесін ұсыну.
Семинарға Қарағанды облысының 9 арнаулы (коррекциялық) мектеп – интернаттың: Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау және Балхаш қалаларының мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысы 2 секцияда жүзеге асырылды, жұмыс барысында 8 баяндама оқылды, 8 сабақ және сыныптан тыс іс шаралар өткізіліп, балалардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі мен әдістемелік көрме ұйымдастырылды. Қорытындылау барысында семинарға қатысушылар дөңгелек үстелде пікір алмасып, ұсыныстар жасайды.