БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ ТжКББ

        Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 55-бабының   4-тармағына сәйкес 2021 жылы білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі-ББЖМ) енгізілді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ББЖМ екінші курс студенттері үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып оқыту тілінде жүргізіледі. 2021 жылы ББЖМ жалпы білім беретін 4 пән бойынша жүргізіледі:

  1. - Қазақ тілі
  2. - Математика
  3. - Қазақстан тарихы
  4. - Биология/физика/химия/география (таңдау бойынша).

 

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларыныңсаны  - 15,

  • тапсырмалардың жалпы саны – 60.
  • Тестілеуге берілген жалпы уақыт – 150 минут (2 сағат 30 минут).
  • Жалпы балл саны – 75.

 

ББЖМ жоспары

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары

ББЖМ тест спецификациялары

Тестілер

Тапсырмалар