Арнайы түзету және инклюзивті білім беру бөлімі

  Дауыпбаева Умит Токеновна

   Лауазымы әдіскер

   Телефон:  8(7212)506116

   e-mail:

 

            

1. Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді. Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттерге, аудан (қала) педагогтарының назарына жеткізеді. Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады. Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

2. «Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру» жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетеді.  Инклюзивті білім беру бойынша облыстық және қалалық әдістемелік кабинеттердің мамандарымен және әдіскерлерімен, мектептердің, түзету мектеп-интернаттарының, балалар үйінің педагогтерімен жұмысты ұйымдастырады. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің тиімділігін зерттейді және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, берудің мемлекеттік стандарттарын, педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін, дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.