25.11.2012
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактиві синдромы
1 бөлім (3 бөлімнен тұрады)
Құрметті ата-аналар, ата-әжелер, мұғалімдер мен психологтар!
Жер бетінде жайқалып өсіп тұрған бірдей гүлдердің, көк аспанда бірдей бұлттардың, көл жағасында бірдей таң сәрінің, тіпті бірдей жасушалардың болмайтынындай өмірде екі бірдей бала да болмайтыны баршамызға мәлім. Өмірде балалар әр түрлі болады, әр біреуі оны әр түрлі қабылдайды және өмірге көзқарастары да бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан, бірінші кезекте, қандай балалар туралы сөз қозғайтынымызды анықтап алу қажет.
Соңғы уақытта газеттерде және теледидар бойынша индиго-балалар туралы көп жазылып та, айтылып та жатыр, олар өте сирек мінез-құлық ерекшеліктерімен (талант, шығармашылық, өзінің жастық ерекшелігі дамуынан озып кету, жоғары дамыған сезу қабілеті) қатар, оқуда, мектепте құрбы-құрдастарымен, ата-аналары және мұғалімдерімен қарым-қатынаста мәселелерімен ерекшеленеді.
Психологтар мен медицинаның қөзқарасы тұрғысынан бұл балалар – гиперактивті және көңіл бөлуі тапшылық балалар, баланың өз жүріс-тұрысын бақылау және реттеу мүмкіндіктерінің алуан түрлі бұзылуы, ол шамадан тыс қимыл белсенділігімен, ықылас пен ынталылығының бұзылуымен, сонымен қатар албырттығымен айқындалады.
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактиві синдромы – балалар популяциясының аса әлеуметтік мәні бар, жиі кездесетін патологиясы, өйткені СДВГ балалардың қалыпты немесе жиі ой дамуының жоғары деңгейімен қатар, мектепте үлгерімдері төмен болады
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда СДВГ жиілігі – 10% ды құрайды (400 мыңнан аса бала).
Бұл бұзылулардың пайда болу себептері орталық жүйке жүйесінің (мидың) құрылымы мен жұмыс істеуінің жастық ерекшеліктері болып табылады. Сайып келгенде, бұл баланың мінез-құлығы мен белсенді жігерлілігінің ерекшеліктері немесе нашар тәрбие ғана емес, көбінесе туа біткен (генетикалық) ерекшеліктері. Сондықтан баланың шамадан тыс белсенділігі, албырттығы мен ықыласын шоғырлаудың бұзылуы сияқты ерекшеліктері бала өмірінің негізгі кезеңдерінде (балабақшада, мектепте, құрбы-құрдастарымен, ата-аналарымен, мұғалімдермен қарым-қатынаста) тіршілік әрекетінің маңызды бұзылуларына әкеп соқтыруы мүмкін.
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактиві синдромыныңнегізгі көріністері.
1. Гиперактивтілік – балалар өте көп қимыл әрекет жасайды:
· Абыржулы, тыныш отыра алмайды;
· Орнынан рұқсатсыз секіріп, мінеді.
· Бейсауат жүгіреді, қажет емес жағдайда тырбанданады;
· Тыныш ойындар ойнай алмайды, тыныш демалмайды.
2. Албырттық – эмоциялы балалар, ойланбай іс-әрекет жасайды:
· Сұрақты толық естімей жатып, айғайлап жауап береді;
· Кезегін күтіп тұра алмайды;
· Төбелесқой.
3. Көңіл бөлудің тапшылығы – көңіл тоқтатып алаңсыз ойлана алмайды:
· Оған бағытталған сөзді естімейді;
· Істеп жатқан жұмысын аяқтамайды;
· Өзінің жұмысын ұйымдастыра алмайды;
· Шыдамдылықты талап ететін жұмыстан қашқақтайды;
· Заттарын жоғалтады, ұмытып қалады;
· Оңай алаңдайды;
Сөйлеу мәселелері (оқу, хат, айтылу).
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром
2 бөлім (2 бөлімнен тұрады)
Менің балам:
Бір орында ұзақ отыра алмай, өте көп қимыл әрекет жасайды, отыратын кезде де жүгіріп, секіреді;
Көп сөйлейді, басқалардың сөзін толық тыңдамай, сөзге араласады;
Күтетін кезде шыдай алмайды;
Тапсырма орындау кезінде, сыртқы әсерлерге оңай алаңдайды;
Оған бағытталған сөзді естімейді;
Сынып/үй жұмыстарында көп қателіктер жібереді, көңіл тоқтатып алаңсыз ойлана алмайды;
Істің ақырын ойламай, жиі албырттық жасайды;
Қорқыныш сезімі аз немесе жоқ, жиі тәуекелді, қауіпті істер жасайды;
Өзінің жүріс-тұрысымен отбасыда, балабақшада, мектепте қиындықтар туғызады;
Құрбы-құрдастарымен жиі дауласады.
Егер сіз бұл сұрақтардың көбісіне мақұлды жауап берген болсаңыз, онда сіздің балаңызда көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром болуы ықтимал.
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдромның әлеуметтік салдары.
1. Мектеп үлгерімі мен мінез-құлық мәселелері.
2. Мінез-құлығының антиәлеуметтік үлгісінің қалыптасуы (ішімдікті ерте ішуі, жасөспірімдердің қылмысты топтары).
3. Жеке қарым-қатынастары арасындағы мәселелер (әлеуметтік оқшаулану, отбасы құра алмауы).
4. Психикалық денсаулық мәселелері (көңіл-күйінің бұзылуы, апатикалық жағдай, мазасыздану, үрейлену).
5. Жоғары экстремизмді қауіп-қатер, бақытсыз жағдайлар, ЖТО және т.б.
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром туралы таралған дақпырттар
1. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром терапиялық және психологиялық түзетуді талап етпейтін ойдан шығарылған мәселе болып табылады.
2. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром нашар тәрбиенің салдары болып табылады.
3. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром адамның түзетуге келмейтін, «туа біткен – жаман» мінез-құлықтарын (өзімшіл, жалқау, өтірікші және т.б.) көрсетуі болып табылады.
4. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдромы бар балалар міндетті түрде «есалаң» не болмаса қарақшы болып өседі.
5. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдромы жастық (балалық) патология болып табылады және ұласып кете береді.
6. Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдром тек ұл балаларда кездеседі.
Көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдромы бар балаларға қалай жәрдемдесуге болады?
Балаға жәрдемдесудің бірінші қадамы бұл жағдайдың дер кезіндегі диагностикасын жасау болып табылады. Диагностикалық үдеріс кезеңдерінің ішінде мыналарды атап айтуға болады:
1. Мектеп психологтарының арнайы психологиялық диагностикалық сұрақ-жауап жүргізуі.
2. Жан-жақты ақпарат алу үшін ата-аналардың, мұғалімдер мен психологтардың бірлесіп жұмыс істеуі.
3. Медицина психологынан нейропсихологиялық тексерістен өту.
4. Балалар психоневрологына қаралу және кеңестерін алу.
Терапиялық бағдарлама бұл жағдайда әрбір балаға жеке жүргізілуі және психодиагностиканың осы мәліметтерінің нәтижесіне негізделуі қажет, және психо-әлеуметтік тізбектің барлық буындарына ықпал етуі керек..
Сондықтан көңіл бөлу тапшылығы мен гиперактивті синдромды емдеудің екі негізгі әдісі бар:
-Психотерапия (тек баламен жұмыс қана емес, сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдерді баланың мінез-құлығын түзету әдістеріне үйрету);
-Фармакотерапия (медициналық дәрі-дәрмектермен емдеу).





umc-ro@umckrg.gov.kz

