Шағын жинақты мектептерді дамыту лабраториясы

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр», - деп атап өтті.

Шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады.

Шағын жинақты мектептердің қызметін жақсарту мақсатында ҚО ББД ОӘО лаборатория ашылды. Ғылыми жетекшісі профессор Контаев С.С. Мақсаты: тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында шағын жинақты мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық тұрғыдан даярлау мазмұнын жетілдіру, мұғалімнің тәрбиелік, мәдени-ағартушылық жұмыстар мен оқыту қызметін жүйелеудің теориялық негіздерін анықтау.