Требования к оформлению статей для публикации в журнале

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ»

журналында жарияланатын мақаланы ресімдеу талаптары

«ЗАМАНАУИ БІЛІМ» журналына мақаланы қалай жариялауға болады?

  1. Мақаланың мазмұны журналдың тақырыптық бағыттарына және ғылыми деңгейіне сәйкес келуі қажет.

  2. Мақалалар 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

  3. Мақала электронды және қағазға басылған түрде (мәтін: қағаз форматы А4, шрифт Times New Roman, кегль 14, бет өлшемдері: сол жақ шеті – 3 см., оң жақ – 1,5 см., жоғарғы және төменгі шеті – 2 см., жоларалық интервал – 1.). Мақала көлемі 8 беттен (әріптер арасындағы бос орындармен қосып санағанда), баспаға берілуге 20 000 белгіден аспауы қажет.

  4. Мақалаға мыналар қоса беріледі:

  • Мақаланың жоғарғы жағында автор жайлы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде мақала мәтіні қай тілде жазылуына байланысты), автордың Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми атағы, жұмыс орнының толық атауы, пошта мекен-жайы және электронды пошта атауы және байланыс телефондары міндетті түрде көрсетіледі.

  • Мақаланың қазақ және орыс тілдеріндегі атауы.

  • 10 жолдан аспайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйін (аннотация).

  1. Қолжазба соңында әдебиеттер тізімі беріледі, мәтінде дәйексөз тәртібімен сілтемелер нөмірі көрсетіледі.

  2. Таблица және графикалық материалдар мақала мәтініне сай орналасады. Сонымен қатар мәтіндегі сызба, таблица және басқа да графикалық материалдардың бөлек файл, яғни,

( диаграммалар мен графиктер Microsoft Excel форматында) ретінде берілуі талап етіледі.

  1. Қағазға басылған мәтінде мақала авторының, бірнеше автор болса, барлығының қолы қойылуы тиіс.

  2. Суреттер мен фотоматериалдар мәтіннен бөлек электронды түрде, JPEG, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Corel Draw, Adobe InDesign форматында қабылданады. Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint, OpenOffice нұсқасында берілген фотоматериалдар қабылданбайды.

  3. Редакция қабылданған материалдарды мүмкіндігінше авторлық стильді сақтай отырып өңдеу құқығына ие.

  4. Редакция аталған талаптарға сай келмейтін материалдарды себебін түсіндірусіз қабыл алмайды. Қолжазбаларға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

  5. Материалдар редакцияға мына мекен-жайға беріледі: Қарағанды қ., С.Сейфуллин к-сі., 8/2 үй., 319 каб. Редакцияның байланыс телефоны: 8 (721)250 25 12;

 

«Ізденіс» газеті редакция алқасы