Әдіскерлер

 

    Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна

   Лауазымы:  Бөлім меңгерушісі

  Телефон: 8 (7212) 502506  

   e-mail: Muhamedyarova.aigulya@yandex.ru

 

 

 

 

1. Лауазымдық міндеттері: Оқу-әдістемелік орталық бөлімінің қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, әдіскерлердің жұмысын үйлестіреді. Әдіскерлерді, педагогтарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді. Білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді. Педагогтарды беру (растау) рәсімін дайындауға және өткізуге қатысады. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді орындайды.

2. Оқу-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесі жұмысының ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етеді; хатшы ретінде кеңес отырыстарының хаттамаларын баспа түрінде жүргізеді. Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырыстарында олардың еңбегінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, кәсіби шеберлігінің өсуі мақсатында білім беру ұйымдарының педагогтеріне көмек ретінде әзірленген әдістемелік ұсынымдар мен жинақтарды, сондай-ақ кабинеттерді қарау туралы ережелері, мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіби шеберлік байқаулары, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогтердің кәсіби шеберлік жарыстары, жобалар, қызметкерлердің есептері туралы ережелерді қарау және бекіту мониторингін жүргізеді. Облыстық сараптама кеңесі жұмысының ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етеді, бастапқы сараптамаға материалдарды ресімдеу бойынша консультациялар жүргізеді, сараптама кеңесінің құжаттамасын жүргізеді, сараптама кеңесіне келіп түскен өтінімдер мен материалдарды тіркейді, олардың ресімделуін «Облыстық сараптама кеңесі туралы Ереже» талаптарына сәйкестігін тексереді, оларды сараптама бағыттары бойынша үйлестірушілерге береді, олардан Рецензиялар қабылдайды, сараптама кеңесі отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады, хатшы ретінде сараптама кеңесі отырыстарының хаттамаларын баспа түрінде, Сараптамалық кеңес отырыстарының хаттамаларының көшірмелерін дайындайды. Облыстық сараптама кеңесінің отырыстарында әдістемелік ұсынымдар мен жинақтарды, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бағдарламаларын, облыстық білім беру ұйымдарының даму стратегияларын қарау және бекітуге мониторинг жүргізеді.

3. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.

 

 

 

  


   Должность:  Әдіскер

   Телефон: 8 (7212) 502375

   e-mail: 

  

1. Лауазымдық міндеттері: Аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Білім беру ұйымдарын жетекшілік ететін мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытады. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарына оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді. Педагогтерге көмек ретінде библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттерге, аудан (қала) педагогтарының назарына жеткізеді. Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады. Мониторинг жүргізеді және педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесін таратады. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша қажетті құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді. Қажетті есептіліктерді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.

   Облыстық аттестаттау комиссиясынан аттестаттау материалдарын қабылдауды, оларды алғашқы тіркеуді және Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығына жеткізуді қамтамасыз етеді. Облыстық сараптама кеңесінің жұмысы үшін аттестаттау материалдарын беруге қатысады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және облыстық сараптама кеңесінің жұмысы аяқталғаннан кейін оқу-әдістемелік орталықтың мұрағатына жібереді. Облыстық сараптамалық және ғылыми-әдістемелік кеңес отырысының күн тәртібін жасайды Облыстық сараптау кеңесінің, оқу-әдістемелік кеңесінің және ғылыми-әдістемелік кеңесінің қарауына келіп түскен материалдарды «Антиплагиат» бағдарламасы арқылы тексеру жүргізеді, нәтижелері туралы анықтамаларды дайындайды және журналға тіркейді.

3. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, берудің мемлекеттік стандарттарын, педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін, дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық ережелер мен нормалар.