Болашақ инженерлері» облыстық жобасы

«Болашақ инженерлері» облыстық жобасы компьютерлік 3D үлгілерді жасау кезінде практикалық және жобалау-зерттеу жұмыстарын орындау процесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайларды айқындау және оқушыларды одан әрі кәсіптік бағдарлау үшін жағдайлар жасау мақсатында ұйымдастырылады.

Жоба оқу процесінде пәнаралық байланыстарды кеңейтуге және интеграциялауға ықпал етеді, мысалы: мектептегі информатика курсының графикалық ақпаратты құру және өңдеу технологиясы, бағдарламалау және модельдеу сияқты бөлімдері бойынша материалды игеру деңгейін арттырады. Сондай-ақ оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде геометрия, физика, сызу курсында үш өлшемді объектілерді одан әрі зерттеу үшін негіз болады.

Бұдан басқа, жоба оқушы үшін жеке білім беру траекториясын құруға: мектепте инженерлік-компьютерлік 3D модельдеу бойынша базалық білім алуға, оқушыларды техникалық білім алуға ынталандыруға және қызықтыруға, инженерлік мамандықтың беделін арттыруға, оқу-тәрбие процесінің сапасын және оның нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жыл сайын жоба аясында келесі бағыттар бойынша жобадағы мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту курстары және облыстық байқау өткізіледі:

- 3D модельдеу;

- Автомодельдеу;

- Авиамодельдеу.

 

 

МАТЕРИАЛЫ ДЛЯ СКАЧИВАНИЯ


Приказ №66 от 16.09.2020

Приложение к приказу 

«Болашақ инженерлері» облыстық жобасы аясындағы үшөлшемді компьютерлік модельдеу бойынша облыстық байқау ережесі