«Web-дизайн» облыстық жобасы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы WEB-технологиялар саласында танымдық қызығушылықты қалыптастыру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында облыстық «Web-дизайн» жобасын енгізді.

Жобаның басты мақсаттары:

• Сайттар құру арқылы шығармашылық қабілеттерін, инновациялық құзыреттілігін дамыту; 

• Web-сайттар тапсырмаларының базасын әзірлеу және жинау;

• «Web – мастер» жобасының мониторингін әзірлеу және іске асыру.

Жоба тиімділігінің критерийлері:

• жобаны сүйемелдеу бойынша әдістемелік құжаттардың болуы;

• танымдық, коммуникативтік дағдыларды арттыру; 

• жобаны іске асыру механизмдерін қолдану саласындағы педагогтердің құзыреттілігі;

• жобаны енгізу бойынша әдістемелік қызмет құру.

Енгізу әдістері:

• Жобаның міндеттеріне сәйкес төмендегі әдістер кешені қолданылады:

• тестілеу, презентациялар, байқаулар, бейнесабақтар базасы, цифрлық білім беру ресурстары базасы;

• мониторинг;

• педагогикалық (орта мектеп оқушыларының web технологиялар саласындағы дағдылары мен біліктіліктерін дамыту динамикасы).

 

 

МАТЕРИАЛЫ ДЛЯ СКАЧИВАНИЯ


областной проект «Web-дизайн»

облыстық «Web-дизайн» жобасы