«Edu-Mark» мобильді қосымшасы (электрондық Күнделік)

«Білімал» өңірлік білім беру жобасының негізінде Android және IOS ұялы телефондары үшін қолжетімді «Edu-markэлектрондық күнделігі» мобильді қосымшасы іске асырылды. Мобильді қосымша оқушылар мен ата-аналарға арналған келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

- Ағымдағы күнге, аптаға сабақ кестесі мен қоңырауларды қарау;

- Әр пән бойынша сабақ тақырыбы туралы ақпарат алу;

- Push-хабарламалар арқылы оқушылардың бағалары мен рұқсаттамалары туралы уақытылы хабарлау;

- Алдағы дербес, зертханалық жұмыстар, диктанттар және басқа да бақылау жұмыстары туралы ақпарат;

- Өткізіп алған сабақтар бойынша жиынтық ақпарат;

- Жеке хабарламалар арқылы ата-ананың бала оқытушыларымен байланысы;

- Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушы мұғалім тіркеген тапсырмаларды (файлдар, сыртқы сілтемелер, Youtube-вебинарлардағы бейнелерге сілтемелер, ZOOM-дағы конференцияларға сілтемелер) көреді және тапсырманы аяқтағаннан кейін жауап жібереді. Сондай-ақ, оқушыға тақырып бойынша тестілеуден өту мүмкіндігі іске асырылды;

- Ағымдағы айда алдағы БЖБ және ТЖБ туралы ақпарат көрсетіледі;

- Күнделікті қалыптастырушы бағалау, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық бағалар көрсетіледі.