«Білімал. Педагогикалық қызметкерлерді электрондық аттестаттау» АБЖ

https://pedat.bilimal.kz/auth/login

«Білімал. Педагогикалық қызметкерлерді электронды аттестаттау» оқу орындарының педагогикалық қызметкерлерінің аттестациядан өту процесін автоматтандыруға, жаңа біліктілік санатын растауға немесе беруге арналған.

 

Бұл жүйені енгізу бірқатар мәселелерді шешеді:

- қағазсыз құжат айналымындағы шығындарды қысқарту;

- құжаттарды жинау және келісу уақытын қысқарту;

- аттестаттаудан өту процесінің ашықтығы.

Жүйе келесілерге мүмкіндік береді:

-  өтінішті электронды түрде қалыптастыру;

- портфолиомен педагогикалық аттестаттаудан өту үшін қажетті құжаттарды жинау және бекіту;

- білім беру ұйымы мен аттестаттау комиссиясы арасында аттестаттаудан өту үшін қажетті құжаттарды беру;

- аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды қарауы;

- педагогикалық қызметкерлер қызметінің өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестігі туралы шешім шығару;

- аттестаттаудан өту туралы деректерді сақтау.

«Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жүйесі         4 кезеңде жұмыс атқарады:

1 кезең. Білім беру ұйымдарына өтініш беру және тексеру: 

•Өтініш жазу;

•Портфолио құру және оны тексеруге жіберу;

•Білім беру ұйымы құжаттардың түпнұсқалығына көз жеткізіп, тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссияларына жолдайды. 

2 кезең. Портфолионы қабылдау-тапсыру актісі:

Комиссияға жолдағаннан кейін аттестаттау комиссиясының төрағасы портфолионы қабылдау-тапсыру актісін құрып, оған қол қояды және оны сараптамалық кеңеске жолдайды.

Сараптамалық кеңес төрағасы өз алдына осы актіні қабылдап, қол қоюы тиіс.

3 кезең. Сараптамалық кеңес жұмысы:

Сараптамалық кеңестің әрбір мүшесінің портфолионы қарауы;

Сараптамалық кеңестің жалпы шешімін шығару (қорытындыны жасау);

Хаттаманы жазу;

Аттестаттау комиссиясына жолдау.

4 кезең. Аттестаттау комиссиясының жұмысы:

Комиссияның әрбір мүшесінің портфолионы қарауы;

Біліктілік санатына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жалпы шешім шығару;

Хаттаманы жазу;

Жұмыстың аяқталуы және аттестаттау қорытындысын білім беру ұйымдарына жіберу.

Қарағанды облысының Білім басқармасының 2019 жылғы 13 тамыздағы бұйрығы негізінде 2019 жылдың 19 тамызынан бастап Қарағанды облысы бойынша 22 білім беру ұйымы пилоттық жобаға енді. Пилоттық жобаға енген білім беру ұйымдары үшін оқыту семинарлары өткізілді.

Оқыту семинарлары 2 кезеңде өтті:

3. Аттестатталатын педагогтер мен педагогикалық аттестаттауға жауапты адамдар үшін;

4. Сараптама кеңесінің және аттестаттау комиссиясының мүшелері үшін.

Бүгінгі таңда «Білімал. Педагог қызметкерлерді электронды аттестаттау» жүйесінің барлық төрт кезеңі апробациядан сәтті өтті.