2017 жылдың 15-16 қарашасында мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңі өтті
16-11-2017 06:22
2017 жылдың  15-16  қарашасында мамандандырылған  мектеп-интернаттарының педагогтары арасында облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңі өтті

2017 жылдың 15-16 қарашасында мамандандырылған  мектеп-интернаттарының педагогтары арасындаоблыстық «Жыл мұғалімі» байқауының 2 іріктеу кезеңі өтті. Бұл кезеңге 8 педагог қатысты. Әр мұғалім бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Байқауға қатысушылардың жұмысын қазылар  алқасы бағалады. Оның құрамына Қарағанды облысының білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері, Қарағанды облысы педагогтарының Ассоциациясы басшылары.

 Сабақты бағалау өлшемдері (5 ұпай):

1. Сабақ типінің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі.

2. Сабақтың мазмұнының мәлімделген тақырыпқа, мақсат- міндеттерге сәйкестігі.

3. Сабақтың функционалдық сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері.

4. Сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізу үшін әдістер мен тәсілдерді таңдау негізділігі.

5. Сабақта әртүрлі қосымша құралдарды қолдану: тақта, электронды кітап, видео-слайд, постерлер, компиьютерлер және т.б.

6. Кері байланыстың нәтижелілігі.

7. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі деңгейі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, сабақты ұйымдастыру үдерісінде коммуникативтік қарым-қатынастың сапасы).

8. Сабақты ұйымдастырудағы денсаулық сақтау тәсілдерін қолдану (сабақ темпі, оқу жүктемесінің адекватты көлемі, қызмет түрінің алуан түрлілігі). 

9. Сабақтың тәрбиелік әлеуеті.

10. Сабақ рефлексиясы: қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсат-міндеттерге, олардың көлемі мен сапасына сәйкестігі.

 

Сыныптан тыс іс-шараны бағалау өлшемдері (5 ұпай):

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарын бейнелеу.

2. Мазмұнының, әдіс-тәсілдердің оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

3. Іс-шараның біртұтастығы, жүйелілігі, жаңашылдығы, нәтижелілігі.

4. Сабақтың барлық кезеңінде балалар қызығушылығының жоғалмауы, қызығушылығының артуы.

5. Сабақтың дамыту әлеуеті: оқушылардың коммуникативтік мәдениетін, өмірлік дағдыларын, ынтымақтастығын, серіктестігін дамыту.

6. Рефлексия.