Республикалық «Сырттай балабақша: Даму әліппесі» семинар-практикумы
26-06-2018 11:05
Республикалық «Сырттай балабақша: Даму әліппесі» семинар-практикумы

   2018жылдың 26 маусымында Карағанды облысының білімді дамыту Оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласының «Аленка»балабақшасы базасында Республикалық «Сырттай балабақша: Даму әліппесі» семинар-практикумын өткізді. Семинар-практикумға «Дошкольное детство» Республикалық орталығының мамандары мен басқарушылары, Астана және Алматы қалаларының Білім беру Басқармасының мектепке дейінгі білім беру мәселелерін қадағалайтын мамандар, Қазақстанның 12 облысынан келген мектепке дейінгі ұйымдардың басқарушылары, әдіскерлері қатысты. Барлығы семинар-практикумға 80ге жуық педагогтар қатысты.

  Семинар-практикумда Қарағанды облысының білімді дамыту Оқу-әдістемелік орталығымен «Сырттай балабақша» әлеуметтік-педагогикалық жобасының жұмысы бойынша 3 жылғы тәжірибесі ортаға салынды.  Семинар басында қатысушылар балалық шақ әлеміне еніп кетті. «Сырттай балабақша» жобасының педагогтары мен тәрбиеленушілері барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

   Семинар барысында қонақтарға отбасымен жұмыстың жаңа түрлері, ерте жастағы балалардың ата-аналарына кеңес беруді ұйымдастыру, мектепке дейінгі балалрмен жұмыс барысындағы Арт-терапияның мүмкіндіктерін ұсынды, сонымен қатар семинарға қатысушылар «Ойын орталығының» жұмысымен танысты. Семинардың практикалық бөлімінде «Психологтың «Сырттай балабақша» жобасындағы жұмысы», «Ата-аналарға арналған шпаргалка», «Отбасылық кемпинг» тренингі және «Тауық үйінде қонақта» ойын сеансы өткізілді. Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізілді. Оның барысында семинарға қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісті.