Колледж әдіскерлерінің отырысы
05-12-2018 16:53
Колледж әдіскерлерінің отырысы

2018 жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  «2018-2019 оқу жылында әдістемелік қызметтердің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктердің (ОӘБ) жұмыс істеуі шеңберінде колледж әдіскерлерінің отырысы өтті. Отырысқа 50 әдіскерлер мен 48 колледж директорларының оқу - әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары қатысты.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерімен (ОӘБ) өзара іс - қимыл мәселесі бойынша колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Квитко Е.М. сөз сөйледі. Бұл бағыттағы жұмыс тәжірибесін Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында ұйымдастырылған ОӘБ директорының орынбасары Иванова Е.А. «Химиялық өндіріс»  профилі бойынша өз тәжірибесін ұсынды.

2019 жылы инженерлік - педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы облыстық Сараптау Кеңесінің хатшысы Сарсекеева Г.С. баяндады.

Облыстық деңгейде алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылауды түсіндіру жұмыстарын ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің бастығы Нартова Т.Г. жүргізді. Сондай-ақ, ол ТжКБ саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға шолу жасады.

Отырыстың соңында туындаған мәселелер талқыланды, рефлексия өткізілді