№25 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары
08-06-2020 10:30
№25 «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары

2020 жылдың  8 маусымында SABAK.KZ  платформасы арқылы білім беру ұйымының оқушыларына кәсібін, мамандығын, оқу бейінін таңдауда көмек көрсетуге бағытталған «Кәсіби бағдар сағаты» вебинары өтті.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы мектептер мен колледждердің қызметінде маңызды орын алады, өйткені ол білім беру жүйесін елдің экономикалық жүйесімен байланыстырады.

Қоғамның әл-ауқаты үшін мектептің әрбір түлегі өз мүдделеріне, бейімділігіне барынша толық қолдануын табуы, уақыт жоғалтпауы, қоғамдық өндіріс жүйесінде өз орнын іздеуде күш-жігерін жоғалтпауы, үлкен пайда әкелуі және өз еңбектерінен терең қанағат алуы қажет. Осы мақсатта өз колледждерін «Кәсіби бағдар сағаты» вебинарында Жезқазған Бизнес және көлік колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі онлайн форматта көрсетті.

YouTube арнасында тыңдаушылар үшін тікелей эфир көрсетілді, онда чатта арқылы кері байланыс жүргізілді. Вебинардың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша көруге болады https://youtu.be/oUzhbtHtZSc.