«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
24-02-2021 09:00
«Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық  конференциясы

2021 жылдың 24 ақпанында қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясында онлайн режимде «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық  конференциясы өтті.

Конференцияға облыс колледждерінің 90 студенті мен олардың жетекшілері,  Липетск облысы Лебедянск педагогикалық колледжінің өкілдері,  арнайы шақырылған қонақ -  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, айтыскер ақын, «Арқа» айтыс ақындар мектебінің жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі», Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңесінің басшысы Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін конференция келесі 3 секциялық отырыс бойынша жалғасты:

1. Абай – қазақ әдебиетінің классигі;

2. Абай– кемеңгер-ойшыл, философ;

3. Абай және аударма.

Конференцияның қорытынды бөлімінде секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша модераторлар үздік жұмыстарымен көзге түскен белсенді қатысушылар мен олардың жетекшілерін атап өтті.

Барлық қатысушыларға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығынан сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, конференция материалдарының жинағы дайындалуда.