Размер шрифта:
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы облыстық пікір-сайыс турнирі
02-06-2021 16:13
«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясындағы облыстық пікір-сайыс турнирі

2021 жылдың 2 маусымында онлайн форматта Zoom платформасында   Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжінің  ұйымдастыруымен  «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. 

Турнирге облыс колледждерінен 22 команда қатысты.

Турнир Американдық парламенттік формат бойынша ұйымдастырылып, 3 іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.

Команда спикерлерінің 3 іріктеу турында жинаған спикерлік баллдарының қорытындысы бойынша 4 команда жартылай финалға шығып, жартылай финал мен финалдағы ойындардың нәтижелері бойынша жүлделі орындар тағайындалды:

1 орын – «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің «Жұлдыз» командасы, жетекшісі Болат Елдос Өмірбекұлы;

2 орын - Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінің «Тұлпар» командасы, жетекшісі Камбаров Нұрлыбек Арипбекович; 

3 орын - Қарағанды техника-құрылыс  колледжінің «Сөзмерген» командасы, жетекшісі Какембай Рахат;

3 орын - Қарағанды сән колледжінің «Алаш» командасы, жетекшісі Турбырханова Салтанат Тубырхановна.

Сонымен қатар, келесі спикерлер «Үздік спикерлер» болып танылды:

- Кенжехан Арайлым, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің студенті;

- Жумажанова   Дiлназ, Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінің студенті;

- Кокен Жанна, Балхаш қаласының медициналық колледжінің студенті.

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушы-командаларға сертификаттар табысталады.