«Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі
25-11-2022 12:31

14-25 қараша аралығында Қарағанды облысының білім басқармасы жыл сайын педагогикалық жұртшылықтың, білім беру қызметкерлері кәсіподақтарының және басқа да ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізілетін «Жыл мұғалімі» байқауының екінші облыстық кезеңі өтеді.

Байқаудың мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін көтеру, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқаудың бірінші кезеңін аудандық/қалалық білім бөлімдері, арнайы, мамандандырылған мектеп-интернаттар өткізеді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ауданнан/қаладан және әрбір облыстық мектеп-интернаттан бір жеңімпаз анықталады.

Байқаудың екінші кезеңін Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы өткізеді. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша аудандардан/қалалардан 6 жеңімпаз және облыстық білім беру ұйымдарынан 1 мұғалім анықталады. Екінші кезең жеңімпаздары ақтық кезеңге жолдама алады.

14-18 қараша-облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, арнайы және түзету білім беру мекемелерінің педагогтері арасында «Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі.

21-25 қараша-қалалар/аудандар білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы «Жыл мұғалімі» байқауының екінші кезеңі.

Қосымша ақпарат алу үшін: 44-56-30