САБАҚТАРДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАПСЫРМАЛАР НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НЕТВОРКИНГ
Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 18 қарашада оқулықтардың тапсырмалары негізінде жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша Қарағанды облысының география пәні мұғалімдеріне арналған нетворкинг өткізді.
Мақсаты: Оқулықтардың тапсырмалары негізінде білім алушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмаларды құрастыру кезінде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.
Нетворкинг барысында облыстың география бойынша жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті Жанғожина Гаухар Махановна, «Ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ және Шакасимов Ахмад Әлішерұлы, «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ мұғалімдері жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларын ұсынып, білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын көрсетті. Педагогтар жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды шешу жолдарын көрсетті.
Қамту 100 адамды құрады