«Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» облыстық байқауы заманауи АКТ құралдарын оқытуда пайдалануды насихаттау, білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушыларының АКТ-құзыреттіліктерін меңгерудің тұрақты дағдыларын игеру және дамыту, сондай-ақ оқушылардың туған өлкемен тереңірек танысу мақсатында ұйымдастырылады. Қатысушылар жұмыс барысында өздерінің туған жері, көрікті жерлері, қасиетті жерлері, сәулеті, туған өлкесінің флорасы мен фаунасы туралы ақпараттарды kartakrg.kz сайтына (бұдан әрі-сайт) орналастырады.
Байқауға қатысу үшін облыс мектептерінің, Қарағанды облысының аудан және қала мектептерінің командалары шақырылады.
Байқаудың негізгі міндеттері:
1) педагогтердің, оқушылардың ақпараттық технологияларды, қызметтің жобалық әдістерін игеруге деген ынтасын арттыру;
2) АКТ-ны белсенді пайдалануға бейім оқушыларды анықтауға жәрдемдесу;
3) оқушылардың, педагогтердің шығармашылық дағдыларын дамыту;
4) оқушылардың АКТ және оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың зерттеу жұмысы «Менің өлкемнің үздік 3D-жобасы» тақырыбында екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
• Қатысушылар Туған өлкенің көрікті жерлерін, қасиетті жерлерін, флорасы мен фаунасын зерттеуі қажет;
• Объектілерге маршруттары қамтылған 3D панорамасын жасау, сонымен қатар материалдарды берілген хостингке орналастыру.
Байқау үш кезеңде өтеді: сырттай, қашықтық және күндізгі нысандарда.
МАТЕРИАЛЫ ДЛЯ СКАЧИВАНИЯ