Іс-шаралар мақсаты:
Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Міндеттері:
- білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;
- математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;
- оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;
- білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;
- математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп оқуға ұмтылу;
- математика саласында білім алушыларды дамыту үшін педагогикалық технологиялар банкін қалыптастыру.
Безендіру: әрбір білім беру ұйымында қаржылық сауаттылық апталығын өткізу қарсаңында тақырыптық стендтер, көрмелер, плакаттар рәсімделуі қажет.